Бүгін – қасиетті өнерге жанын беруге даяр мәдениет саласы қызметкерлерінің күні.
Айтулы күнге байланысты Теректі ауданында өтетін мерекелік іс-шарада тәжірибелі әнші, аудан өнерпазы, облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері Айбек Дәулетқалиевтің «Рәміздерім – қадірлім» әнінің тұсауы кесіледі.
Бұл әншінің алғашқы бейнебаяны екен. Рух беретін туындының сөзін ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Әділет Орынбасаров, әнін орындаушының өзі жазған.
Әлібек Қаржау,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz