2005 жылдан бастап, БҰҰ-ның қолдауымен ақпанның алғашқы бейсенбісі - Дүниежүзілік сайлау күні деп белгіленген. Сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бұл күні барлық елде саяси сауаттылық, азаматтық ұстанымды тақырып еткен шаралар өткізіледі. Дәл бүгін осы мақсатта "Өз таңдауыңды жаса!" атты ашық есік күні өтті.
Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және "Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Бөкей ордасы колледжі студент жастары акция аясында Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау учаскісінде болып, алдағы сайлау науқанына әзірлік жұмыс барысымен танысты.
Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұркен Сабиров жастарға жалпы сайлау туралы түсінік беріп, маңыздылығымен бөлісті.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz