19.10.2020, 12:06
Оқылды: 321

  Бүгінгінің «бренд» есімдері

Қазақ халқы үшін балаға ат қою – ежелден келе жатқан дәстүр. Жаңа туған нәрестеге азан шақырып лайық деп танылған есімді қояды. Оның үстіне халқымызда «балаға қандай ат қойылса оның келешегі соған байланысты болады» деген наным бар. Әрине, халық айтса қалт айтпайтыны белгілі. Мұның қаншалықты шындыққа жанасатындығын кім білген, алайда «атына заты сай» деген де бар емес пе? Мұны психологтар да қос қолдап қолдайды. Мамандар адамның аты оның өміріне тікелей әсер ететіндіктен мағыналы есім қойған жөн дейді. Жаһанданудың жалына жармасқан кезеңде шүкір есімдеріміз де ерекшеленіп, жаңаша сипат ала бастады.

k3110_3
Әрине кез-келгеніміз ұл-қызымыздың сүйкімді болғанын қалаймыз. Соған орай олардың есімдерінің де әдемі, құлаққа жағымды болуына да мән береміз. Жалпы кісі аттары әртүрлі жағдайда қойылады. Оны тергей берсеңіз ұшы-қиыры жоқ әңгіме болары анық. Десе де ат қою туралы ой тарқатып көрсек. Себебі дұрыс ат қоя білу мен ол есімді алып жүру де үлкен жауапкершілік.

Сонымен, қазір қандай есімдер жиі қойылып жүр. Әріге бармай, ауданымыздағы АХАТ бөлімінен алған мәліметтерге сүйенсек, соңғы жылда аудан көлемінде ер балаға Амир, қыз балаға Раяна есімдері жиі қойылыпты. Амир есімін алып қарасақ, дұрысында Әмір дегенге саяды. Шындығында солай. Бірақ қазір көп ата-ана, әсіресе жастар бастапқы айтылуындағы есімге көп жүгінеді. Негізгі мағынасына келер болсақ Әмір -«әмірін жүргізді, билік етті» деген мағынамен атақты түрік тектес халықтарының билеушісі Әмір-Темірдей болсын деген мақсатта қойылса керек. Сонымен қоса Раяна есімді қыз балаларға қойылған есімге келсек, оның мәні Райан – жәннат қақпасы пайғамбар (с.ғ.с.) мүбәрак сөздеріне қатысты мағына береді. Ал бірақ ол неге Райан емес, Райана? «А» әріпі қайдан қосылды? Бұл кешегі Жанар дегенді «Жанара», Айжанды «Айжана» дегені секілді ма? Осылайша, есім иесі қыз бала екенін айшықтағысы келеді. Әрине, бұл көп жағдайда қателік болса ше?! Мәселен, қазақта Асылжан, Нұржан, Бақыт, Кенже, Жанат, Жұлдыз, Баян сынды ер балаға да, қыз балаға да ортақ есімдер бар. Дегенмен, ажырату үшін «а» әрпі ешуақытта қойылмайды ғой.

 

Бір қызығы туылған балаға құжат беретін АХАТ бөлімінің мамандары адам есімдерін қатесіз жазуда басшылыққа алатын ешқандай заңдық құжат жоқ екенін алға тартып отыр. Тіпті кеңестік кезеңде де ондай құжат болмаған көрінеді. АХАТ-тағылар бейресми құжат әрі қазақ есімдерінің толық базасы ретінде Телқожа Жанұзақовтың адам есімдеріне байланысты еңбегін пайдаланып, сол кітапты басшылыққа алатындарын айтады. «Бұл еңбек әрине қазақ есімдерін қатесіз жазуда таптырмайтын құрал болып тұр. Дегенмен біз тек баласының құжатын алып келген ата-анаға дұрыс жазылуын ұсыныс ретінде айтып, жазылуын көрсетеміз. Егер ата-ана келіспеген болса, өз қалауымен сәбиінің есімі жазылып, төлқұжат беріледі», – дейді мамандар.
Баланың есімі – өмірлік серігі. Оның аты-жөні сенімін, ұлттық болмысы мен тәрбиесін айшықтап тұратын «коды».

Сондықтан бала есімінің әрпін бұрмаламай, Райана емес Райан, Тамерлан емес Темірлан деп қойып, ат қою мәселесінде «модаға» қарап емес, оның заманауилығымен қоса қазақилығымызды алға қойғанымыз жөн секілді.

 Сәнім Меңдібай

                                                                                                                         Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

                    Бөрлі аудандық АХАТ бөліміндегі деректер ізімен...

 

Жиі қойылатын есімдер
2018 жыл 2019 жыл
 

Ер бала Қыз бала
Амир  - 16 Амина - 14
Санжар – 12 Медина - 11
Алихан - 12

Али – 9

Арлан – 8

 

Айару  - 11

София 9

Томирис 9

 

Ер бала Қыз бала
Алихан  - 11 Раяна  - 16
Амир – 11

Мансур (Мансұр) – 11

Алан – 10

Айым - 12

Айлин - 12

Медина - 11

Алдияр 8

 

Адина  - 10
Сирек қойылатын есімдер
2018 жыл
Ер бала Қыз бала
Ғизат, Арғын, Парасат, Абинур,  Абдолла,  Даниэль, Ахмад, Исламбек, Ермахан, Елсияр,  Даукен,  Радмир, Жантемир, Савва, Рауф, Ален, Елюбай, Сами, Шынғысхан, Ахметали, Дінмухамед

 

Айэлина, Шаһар, Аруай, Кадиша, Нармин, Айназ,  Айзия, Назийя,  Мәрия, Мархабат, Айнелла, Арина, Эмилия, Асемай,  Мирослава,  Айсезім,  Қазына,  Ильянур, Самина, Амани, Эрика, Азель, Милина, Нурикамал,  Дамеля

 

Сирек қойылатын есімдер
2019 жыл
Ер бала Қыз бала
Жантөре,  Алжан, Арон, Шерхан, Хасан, Әмір, Искандер, Акторе, Асанали,  Әлім,  Джабраил,  Акзам,  Ибрагим, Айқын, Қайырхан, Роберт, Дауд,  Нураддин, Исламбек, Иброхим, Абдулмәлік, Райан, Омархан, Айбатыр, Ертугрул, Абдуллятиф, Ханзада,  Ғұзайыр Данеля, Ханшайым, Акбота, Инаят,  Нармина, Данайым, Камилла, Марианна, Алау, Ділнара, Кәусар,  Айлы, Данира, Лючия, Румиса,  Айдария, Айрис, Стефанья
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале