8.09.2025, 17:14
Оқылды: 284

"Бұқаралық спортты дамытуға баса мән беремін"

"Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға баса мән беремін. Аймақтарда спорт нысандары бой көтеріп жатыр. Үйірмелер балаларға қолжетімді бола бастады", - деген еді Президентіміз бүгінгі жолдауында.

WhatsApp Image 2025-09-08 at 18.11.43

Мемлекет басшысының Жолдауында спорт саласына басымдық берілуі – жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, ұлттық спортты және бұқаралық спортты дамытуға жасалған маңызды қадам. Әсіресе ауыл-аймақтарда спорт инфрақұрылымын жетілдіру, заманауи спорт алаңдары мен кешендер салу – жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді. Бұл – болашақ чемпиондарды тәрбиелеумен қатар, қоғамда аурудың алдын алуға, ұрпақтың денсаулығын нығайтуға әсер етеді.

Жолдауда бұқаралық спортты қолдау, спорт үйірмелерін көбейту, балалар мен жасөспірімдерге қолжетімді жағдай жасау нақты тапсырма ретінде айтылды. Бұл спортты тек кәсіби деңгейде ғана емес, күнделікті өмір салтына айналдыруға жол ашады.

Сонымен бірге, халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындауда ғылым мен инновацияны қолдану, жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін арттыру маңызды. Бұл Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін көтереді.

Баубек Ильясов, ультрамарафоншы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале