26.03.2021, 11:50
Оқылды: 30

Бұл жиын бұрынғы жиыннан өзгерек

Жуырда Тасқала ауданына қарасты Амангелді ауылында аудан әкімі Алдияр Халеловтың қатысуымен жиын өтті. Санитарлық талаптарға сәйкес өткізілген аталмыш жиында аудан басшысының тапсырмасына сәйкес мәселелер қаралды.

амангелді (1)

Атап айтсақ, ауылдық округтерде қосымша ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру мақсатында бірнеше түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Түсіндірме жұмыстарына тікелей жауапты округ әкімдері аталған шаруа бойынша әлдеқашан кірісіп кеткен болатын. Осындай үрдіспен Амангелді ауылындағы мәдениет ошағында жиын болып, ауыл әкімі Саягүл Ғалиева баяндама жасады.

Округ бойынша көптеген жұмыстар атқарылғанын және алдағы уақытта да нақты жасалатын жұмыстарды тілге тиек етті. Ауыл әкімі қойылып отырған негізгі міндеттердің барлығын дерлік қолға алатынын атап өтті. Ауылдың одан әрі тазалығы, абаттандырылуы және көгалдандырылуы осы жиында сөз болды. Бау-бақша отырғызу дәстүрі жыл сайын қарқын алу керектігі де айтылды. Ауылдық округтердегі ауыл шаруашылығы кооперативінің дамуы жайлы сөз қозғалып, еңбек бағдарламасы бойынша қатысушыларының қазіргі таңдағы бағыты мен қайтарымсыз несие алуға ниет білдірушілердің бағыттары туралы да атап өтілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі операторларын дайындау, тұрғындарды салауатты өмірге бағыттау жайы да назардан тыс қалмады.

Қазіргі кезде Амангелді ауылдық округі бойынша 355 аулада 1319 тұрғын өмір сүреді. Ауыл тазалығы бойынша жалпы әкімшіліктің қойып отырған міндеті – әр тұрғынға 15 мамырға дейін өздерінің көң-қоқыстарын, сонымен қатар мал қалдықтарын шығару міндеттеледі. 15 сәуірден бастап әр апта сайын экологиялық сенбілік ұйымдастыру жоспарланып отыр. Полигондағы көңқоқыс орнын тазарту да басты назарда. Аталған жұмыстарды ауыл әкімшілігі халықпен бірге атқаратындығын және бір айтып өтті. Әр тұрғын өздеріне тиесілі міндеттерді атқаруға ниетті екендігін жиын барысында байқалды. Негізінен, аталған жиынның басты бағыты – ауыл шаруашылығын кооперативін құру және оны дамыту. Жалпы, ауыл әкімі Саягүл Мәулетқызы қолға алынғалы отырған шаруаның маңыздылығын амангелділіктер жақсы түсініп, болашақта біріктіру бойынша барлық бағыттар бойынша жұмыстануға шақырды. I Шежін ауылында «Ақкүтір» кооперативі (басшысы Аймырза Сүндетқалиев), «Бекет-Аман» кооперативіндегі, «Гозавик», «Рахмутулла» ауыл шаруашылығы кооперативтері бар. Ауылды абатандыру мен көгалдандыруға биыл көңіл бөлу керек.

амангелді (3)

Орталық саябаққа биыл қаражат бөлініп, әрі қарай абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биыл кіреберіс жолға Амангелді мектебінің бітіруші түлектерінің демеуімен теректер отырғызу жоспарланып отыр. Отырғызылған талдар міндетті түрде қоршалып, уақытында су құйылатын болады. Сонымен қатар биыл Астана көшесінде 20 бағана қойылып, жарық шамдар орнатылатын болады. Ағымдағы жылы дайын тұрған бес гектар жердің үш гектарына мекеме қызметкерлері, ал екі гектар жеріне ауыл тұрғындары бау-бақша егуге ниетті. Үйде отырған апаларымыз да құс шаруашылығы мен қой шаруашылығын дамытуға ниет білдірген. Барлығы ауылымыздың көркеюіне үлес қосуда, - дейді Амангелді ауылдық округінің әкімі Саягүл Галиева.

амангелді (2)

Аудан әкімі Алдияр Халелов те ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту жайлы өз ойын айтып өтті.

– Барлық таза өнімдер осындай ауылдардан шығу керек. Мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және көкөністер мен жемістердің барлығы осындай құнарлы жерден шыққаны пайдалы. Аталған шаруаларды дамытып, оны әрі қарай алып кету өздеріңіздің қолдарыңызда. Тек еңбектеніп, барлығымыз бір отбасындай бірігіп жасауымыз керек. Сол кезде нағыз жетістікке жетеміз. Келіңіздер, қандай мәселе болса да жолығыңыздар.

Қолымыздан келгенінше, барымызша бағыт-бағдар береміз, - деп сөзін түйіндеді аудан әкімі Алдияр Халелов.

Жалпы нәтиже бар

Амангелді ауылдық округінде ауылдық өндірістік кооперативін 2020 жылдан бастап 150 аналық және алты бұқадан бастадық. Субсидияны былтырғы жылы алдық. Биылдан бастап қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізіп, одан әрі халықтың сұрауы бойынша жақсы өнімдер беріп жатыр. Бұзаулардың өзі 240 келіден 280 келіге дейін өсті. Асылдандыру жұмыстарының арқасында нәтижесін көріп отырмыз. Әрі қарай әлі де жүргізілетін жұмыстар өте көп, - деді амангелділік Жасталап Жұмағалиев.

Тағы үшеуі қатарға қосылады

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің ашылу жұмыстары 2017 жылдан бастау алды. Кооперативтер «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру» ережесі бойынша субсидиялауға да қатысып үлгеруде. Сол жылдар аралығында аудан бойынша 24 кооператив тіркелді. Соңғы жылдары соның ішінде 12-сі жаңадан ашылған. Қазір барлық ауылдық округтерге шығып, қосымша тағы кооперативтер ашу жұмыстары қолға алынуда. Негізгі мақсат – өндіріс өнімін ұлғайту. Ет, сүт, жұмыртқа, тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Аудан бойынша 15 млн теңге көлемінде субсидия алынған. Оның 262 мүшесі бар. 1567 ірі қара мал, 917 ұсақ мал бар. Кооперативтің округ әкімдерімен бірлесе отырып қосымша ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру мақсатында түсіндірме жұмыстары жалғасын табады. 2021 жылы қосымша үш АӨК ашылады деп жоспарлануда, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшылығының орынбасары Хамит Ғұмаров.

 

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале