Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Бұлан ауылдық округіндегі жұмыс сапарында акушерлік пунктінің жұмысымен танысты.
Жамбыл ауылын қоса алғанда, есебімізде 905 тұрғын бар. 4 медициналық қызметкер бармыз. Күндізгі стационар 4 адамға есептелген. Дегенмен халық денсаулығына сақ қараған қазіргі уақытта стационарға күніне 4-тен көп адам келеді, – дейді медбике Ақжібек Байжігітова.
Ескі ғимаратта орналасқан фельдшерлік-акушерлік пункттің мәселесі аз емес екен. Қабырғалар сөгіліп, едендері майысыпты. Апатты деп танып, күрделі жөндеу жұмыстарына жаппаса болмайды. Одан бөлек, бұландық медбикелер аудан әкіміне компьютерге зәруліктің бар екенін айтты.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz