14.09.2021, 11:42
Оқылды: 38

Бүлдіршіндер жорығы ұйымдастырылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында өлкетану ісін дамыту мәселесіне ерекше көңіл аударады. Оқушылар мен жастарды туған өлке тарихы мен табиғатын сүюге баулы ісін бәйтеректік ұстаздар да қолдайды. Мұғалімдердің айтуынша, жастар өз Отанын сүюді өскен өлкелерінен бастаулары керек.

 IMG-20210913-WA0107 (1)

Жуырда Бәйтерек аудандық жас туристер стансасының қосымша білім беру педагогі Нұркен Қасымов туған жердің тылсым табиғаты мен тамыры терең тарихын зерттеу және бүлдіршіндерді туризм спортына баулу мақсатында жаяу жорық ұйымдастырды.

Жас ұрпақтың, қоғамның назарын табиғи аумақтардың өзекті мәселелеріне аудару, оларға нақты қызмет көрсету, отандастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында оздырылған жорыққа Переметный ауылындағы мектеп оқушылары қатысты.

- Туған өлке төсіндегі тылсым табиғат пен тамыры терең тарихты, шаруашылық, мәдениет пен тұрғындардың тіршілік ету әрекетін қосып, адамға ауқымды білім мен тәрбие беретін өлкетану мәселесі өзектілігін ешқашан жоймайды. Бұл ретте біздер де бай өлкенің кешегі көрінісі мен бүгінгі бейнесін жастарға насихаттаудан еш танбаймыз. Туған ауылымыздың көрікті жерлерін насихаттай отырып, отандық туризмді дамытуға өз үлесімізді қосқымыз келеді, - дейді жорық ұйымдастырушы ұстаз әрі бапкер Нұркен Қасымов.

IMG-20210913-WA0099

Переметный-Плошкино-Переметный бағытында оздырылған жорық барысында оқушылар табиғат аясында демалып, туған жерінің әсем табиғатын суретке түсірді. Маршрут картасын сызып, түрлі туристік кедерлерден өтіп, спорттық жаттығулар да жасады.

Бір сөзбен айтқанда, оқушылар демалысын туған өлкенің табиғаты мен ерекшеліктерін, тарихын сипаттайтын факторларды зерттеуге арнады. Жас педагог бұл тәжірибе жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану өз маңыздылығын ешқашан жоймайтынын айтады.

Жалпы өлкетану жұмысы тұлғаның дүниеге деген дұрыс көзқарасын қалыптыру мен сенімін нығайтуға негіз болады десек, артық айтқандық емес. Жас туристер стансасы бұндай жорықтарды жиі өткізіп тұруды мақсат етеді.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале