20.10.2023, 16:00
Оқылды: 61

Бүлдіршіндерді қызықтырған додекаэдр

Жас ұрапқты елін-жерін сүюге баулу, оның ұлттық құндылықтарын қадірлеуге бағыттау балабақшадан басталатыны белгілі. Алда келе жатқан үлкен мереке Республика күніне орай Шыңғырлау ауданындағы «Бөбек» бөбекжайында қызықты шара өтті.

393940721_1563752031063213_1817728929643357774_n

«Балдырған» орта тобының тәрбиешісі Әсемгүл Сатқанова өз тобындағы тәрбиеленушілерімен жаңа үлгідегі додекаэдр көрнекілігі арқылы қызықты ойын ойнатты.

Додекаэдр дегеніміз - жазықтықтың жиынтығынан құрылған кеңістікті шектейтін бітеу бұртұтас гоеметриялық дене.

 - Осы көпжақты дененің астыңғы бетіне бөбектерге еліміз туралы сұрақтар жапсырылған еді. Көпжақты денені шашып жіберіп, әр бетті қолына алған балақай артқы бетіне жазылған сұрақтарға жауап беруі тиіс болды. Өте қызықты өткен ойын кезінде бүлдіршіндер еліміздің басты рәміздері, ұлттық салт-дәстүр туралы жаңа мағлұматтарға қанықты. Ойын өте қызық өткендіктен де болар, балалақайлар ерекше ынта тынтты, - дейді бүлдіршіндердің тәрбиешісі Әсемгүл Ғұбайдоллақызы.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале