22.03.2026, 16:23
Оқылды: 7

Бұлдыртылық бала Умраға жолдама ұтты

Сырым ауданы, Бұлдырты ауылдық мешітінде Ораза Айт және Наурыз мерекесінің құрметіне балалар арасында Құран оқудан жарыс өтті.

PHOTO-2026-03-19-13-35-03

- Ислам діні мен қазақы дәстүрді бөлуге болмайды. Наурыз батасын «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!», - деп Аллаға дұға қылумен қайырған, дархан дастархан жайып, барын басқамен бөлісіп жеп - кеңжүректілік көрсеткен қазақ қоғамы үшін имандылық пен ұлттық дүниетаным егіз. Бұлдыртағы Құран жарысының мақсаты осы жерде - ақ түсінікті болады. Алланың кәләм - сөзін жатқа оқу көбіне облыс мешіттерінде, аракідік аудандарда өтеді. Айта кетерлігі, Бұлдырты - Құран жарысын өткізген санаулы ауылға кіріп отыр. - дейді Сырым ауданының бас имамы Нұрәлім Қисметов.

Құран жарысында Имам Даулетияров Айбар Имран Охасов бірінші орын иеленіп, кіші қажылыққа жолдама ұтыпты. Екінші орынды Ибрахим Жарылғапов, ал үшінші орынды Нұрбек Нығметжан иеленген.

PHOTO-2026-03-19-13-32-33

Жүрегіне Құран ұя салған балаларды хафиз Сүннетолла Исмайлов марапаттады.

Шараны ұйымдастырған – Бұлдырты ауылдық мешітіні имамы Айбар Дәулетияров екен. Айбар имам ара болып, кеше Айт мерекесіне орай 70 балаға сыйлық үлестірілген.

Б. Шерім
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале