Бұлдырты ауылындағы мәдениет үйінің ұжымы да ауданның ақпараттық айнасы - «Сырым елі» газетінің әр жанұяға жеткенін қалайды. Өйткені олар газет оқыған ауылдың мәдениеті биік болатынын біледі.
Ұжым басшысы Света Ізғалиева мен оның әріптестері аудандық басылымға өздері жазылып қана қоймай, Бұлдырты ауылының 5 қариясын «Сырым елі» газетіне жаздырыпты. Газетімізді қолдау акциясын жергілікті мәдениет қызметкері Айгерім Хамитова ұйымдастырған.
Газет редакциясына осындай жылы жаңалықтар, қолдау - ниеттер көптеп келуде. Жазылу науқаны кезінде бұл да журналистерге күш-жігер береді.
zhaikpress.kz