8.05.2025, 12:30
Оқылды: 246

 Бумакөлдің жұлдызды жылдары

Өткен ғасырдың 28 жылы 9 үй болған дерек бар. Ал 29 жылы  26 үйі бар «Апақ» және «Жарбас» елді мекендерінің адамдары «Апақ» артелін құрады. 30-жылдары  «Садақ» және «Красный Маяк» артельдері  ұйымдастырылады. Кейіннен Жәнібек селолық округіне айналып, ірілендіріледі. Оның құрамына «Садақ», «Жетекші», Крупская атындағы ұжымшарлар енеді. Кейіннен Бумакөл селолық Кеңесі атанады. Артынша бұл ұжымшар Тельман атындағы ұжымшарға қосылып, бұрынғыдан да үлкейген. Сол жылдары ұжымшарда  МТС ашылады. Ең алғаш ұйымдасқан артелдің төрағасы Есен Дәулетов деген кісі болған.

WhatsApp Image 2025-05-02 at 18.13.42 (1)

1952 жылы  ұжымшар төрағасы болып  И.Е. Коновалов сайланады. Одан кейін   ұжымшарды басқарғандар тізімінде  И.Я.Орлов,  Мирошников Г.И., Коновалов К.М., Измагамбетов И.Т., Журавлев  В.П.,  Испамбетов Г.И. («Еңбек Қызыл ту»  орденді)  бар. 1957 жылы партком секретары  Соломохин, Кеңес төрағасы  Урманов Т.И. болған.

1953 жылы ауылда шошқа фермасы салынған. Оның меңгерушісі  Чичеров Андрей Павлович болып, аудан бойынша ең үздік деп танылып отырған.

1956 жылы ұжымшар ұжымы астықтан жоғары өнім алғаны үшін сол кезеңнің үлкен мадақтау мәртебесі - ХШЖК (ВДНХ) барған  екен. Ал 1959 жылы шаруашылықта қол жеткен табыстары үшін ұжымшар төрағасы И.Орлов сол кезеңнің ең үлкен марапаты Ленин орденімен марапатталады.

1959 жылы ұжымшар Орал қаласынан  60-тан астам сүтті сиыр сатып алады. Сол жылдары сауыншылар  Султанова Р., Гатауова К., Кузнецова Л. үлкен жетістіктерге қол жеткізіп,  механизаторлар  Бекеев Е.Ж., Баубеков Т., Иманалиев Т., Дадинов А.,Морозов А. үздіктер қатарынан көрінген. Ал  Дюсембаев Ислям, Искалиев Темир, Туреев Кияк, Ермолаев И.Е., Кусмагамбетов К., Сапиев С. ауылдың алғашқы көлік жүргізушілері екен.

1959 жылы 5,5 - 7 мың.га. еккен  егін бітік шығады.  Сол жылы ұжымшарда  850-900 ірі қара,  80-90 жылқы,  5-6 мыңдай қой болған. Ұжымшарды бас зоотехнигі  Петр Яковлевич Копытьконың есімі ауылдастарының жадында жатталып қалған.

Жалпы еселі еңбек еткен ұжымшар тарихындағы жарқын беттердің бірі 1962 жыл. Осы жылы ұжымшарға Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы, сол кездегі ел басшысы  Д.Қонаев келеді. Астық даласын аралап көріп, мыңғыртып мал, жайқалтып егін егіп отырған елдің еңбегіне сүйсінген бірінші хашты тағы не қажет екенін сұраған. Арада үш күн өткенде ұжымшар агрономы А.И.Русяев  сұраған комбайндар ауылға келіп жеткен екен.    Ұжымшардың орта есеппен 26 ц. астық алған 1968 жылы жұлдызды жыл болып ауыл тарихында жазылып қалған.

Сол кезеңде ұжымшарда еңбектің жарқын үлгісін көрсеткендер қатарында  Исмурзиев Балгерей, Дроздов Н.П. (Социалистік Еңбек Ері), зоотехник Копытько П., ветврач Караблев В., ұста Кусепов., ветсанитар Айжариков Рамазан, трактор бригадасының бригадирі, Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесінің депутаты Федько А. бар болатын. Ал үздік механизаторлар қатарында  С.Жумағалиев, Н.Беляевтар, Ганенконың есімдері аталады. Мал шаруашылығындағылардан сауыншы А.Федько, Е.Емуранов, К.Жусупова, қойшы   Г.Испамбетов, К. Шинтемиров, М. Бузаханов, А.Истаевтардың есімдері  ауыл тарихында  жазылып қалған. Еңбеккерлер Уразгалиев Жақсығали, Тугузбаев Каким, Маймиров Алтай, Ганзенко Василий, Сексенбаев Есет, комбайнерлар Молдагалиев С.Х., Иманалиев Таскали, Исеналиев Ериктер үздіктер тізімінде аталады. Бұл жылдары малшылар  Балпанов Канапия, Сексенбаев Кобландар ұжымшардың өркендеуіне үлкен үлес қосқан. Сауыншылар  Галиева К.У., Иликеева К.А., Жиршибаева Р.Н. үнемі үздіктер қатарында болған.

Көп жылдар бойынша өсіп-өркендеген ауыл тұоғындары ұжымшарға еңбегі сіңген комбайнерлер Сагимбаев Темирбулат, Сексенбаев Саин, Кусмагамбетов Каир, Гусманов Самен, Шевцов Петр есімдерін жақсы біледі. Сондай ақ, жүргізушілер Кульбеда Иван, Исмурзиев Тельман, Кусмагамбетов Каир,   Свитенко Иван, Айжариков Сабыр, Кожахметов Канапия  аттары ұжымшар тарихында жазылып қалды.

Ұжымшардың дамуына орасан зор үлес қосқандардың қатарында сауыншы, обкомпартия мүшесі, аудандық атқару комитетінің депутаты Р.Н. Жиршибаева, 33 жыл сауынша болған. Аудандық пария комитетінің мүшесі болған, аудандық, облыстық конференциялардың мүшесі болған, «Еңбегі сіңген колхозшы» атағы бар Галиева Куляш Утаровна бар. Ал бригадир, ұжымшар төрағасының орынбасары  Сагимбаев Темирбулат Мырзаұлы «ВДНХ» қола медалымен, «Ерен  еңбегі үшін» медалдарымен  марапатталып,   Болгария еліне қыдыруға жіберілген. Сонымен бірге Молдағалиев Серік Хусайынұлы ерен еңбегі үшін 1 дәрежелі  және 2 дәрежелі  «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «ХШЖК» қола медалымен марапатталған.Сол сияқты  Трактор бригадасының бригадирі Сайын Сексенбаев  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Жыл сайын мал басы өсіп, сиыр  1200, қой 10 мыңға,  жылқы   120 басқа, ал шошқа  2000 басқа дейін жеткен. Кешенді ауылшаруашылық бригадасының  тәжірибелі бригадирлері ретінде  Калиев Кангерей, Ерзиков Георгий Ефремович, Дроздов Николай Петрович аталады.

1960 жылдар бастап мал басы өсіп, ірі қара 2,5 мыңға жеткен. Ал ұжымшар бұл кезде мемлекетке  12000 ц.сүт,  3000 тонн ет,  80-90 ц. астық тапсырып,  40000 т.шөп жинап отырған.

К.М.Коваленкодан кейін ұжымшар төрағасы болып Ж.К.Колонбаев  сайланады. Бұл кезде үш мал қорасы салынады. Ал мал басы 3200 -ге жеткен.

Біз ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына байланысты Бумакөл ауылының тарихын бір жақты ғана, қолда бар мәліметтерге сүйне отырып ауылшаруашылығы саласы бойынша тарқаттық. Басқа да ақпараттармен бөлісем дегендер табылып жатса, мархабат.

Дариға Нұрашова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале