Облыс әкімінің Бәйтерек ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде аудан басшысы Марат Тоқжанов баяндағандай, былтыр Бәйтеректе шағын және орта бизнестің 16 нысаны пайдалануға берілді.
Ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектісі 2294 бірлікті құрайды. Онда 6704 адам еңбек етеді. Аудан аумағындағы 29 шағын цехта 309 адам жұмыс істейді, олар өткен жылы жалпы сомасы 779,6 млн.теңгенің өнімін өндірді. Шағын және орта бизнес саласында былтыр жоспарлы 940 орынның орнына 1199 жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы былтыр 1303 адам жұмысқа орналастырылды. Аудандағы экономикалық белсенді халық саны аудан тұрғындарының 52,8%-ын құрайды.
Сәкен Әбілхалықов,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz