15.02.2023, 11:01
Оқылды: 31

Былтыр Бәйтеректе 1007 жаңа жұмыс орны ашылды

Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Бәйтерек ауданында өткен есептік кездесуі кезінде айтылды.

8cd6d13c-726c-4091-8a9b-057bba6ff199

Аудан әкімі Марат Тоқжановтың сөзіне сүйенсек, былтыр ауданда 40 млрд теңгенің инвестицияcы жүзеге асып, биылғы жоспардың ауқымын 4 есеге арттыру көзделген. Мәселен, сұйық метанол өндірісі, құрғақ құрылыс қоспаларының зауыты, демалыс ойын-сауық кешенін моншамен жабдықтау, жеміс-көкөніс қоймасы сияқты бірнеше нысанның құрылысы қолға алынбақ. Инвестиция тартудың салық түсімінің көбеюі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына оң әсерін ескерсек, аудан экономикасының алға өрлеуімен қатар тұрғындардың өмір сүру деңгейінің сапасы да көтерілеріне сенім мол. Ауданда экономикалық белсенді халық 31 216 адамды немесе аудан тұрғындарының жалпы санының 53,1% құрайды.

30 326 адам түрлі салада қызмет атқарып жүр. Өткен жылдың басынан бері жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға 2 612 адам өтініш білдірген. 656 азамат жұмыссыз ретінде есепте тұр. 261 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған. Жұмыспен қамту бөлімі арқылы 1194 адам жұмыс тапты. 55 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 98 жас «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы негізінде еңбекке араласуда.

666e32d4-31eb-4223-8721-a81d14235a61
2023 жылы ауданда 3079 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Қазіргі таңда кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 6524 адамды құрайды. Аудандағы 26 шағын цехта 246 жұмысшы еңбек етуде. Былтыр шағын және орта кәсіпкерлік саласында 1007 жаңа жұмыс орны ашылды.
- Өңірдегі жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар мемлекет ұсынып отырған қолдау-көмектерді тиімді пайдалануы тиіс. Бүгінгі күні облыста жұмыссыздардың саны 3,1 пайыз. Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар саны жалпы халық санына шаққанда 15 пайызды құраған. Бұл бағыт әлі де жетілдіріле түспек. Бұрынғыдай мемлекет маған не береді, атаулы әлеуметтік көмек қашан түседі деп ауыз ашып отыратын кез кетті. Әсіресе, жастар мемлекет берген мүмкіндікті мейілінше пайдалануға әрекет етуі керек, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
Есептік жиыннан соң облыс әкімі мен басқарма, департамент басшылары аудан тұрғындарын жеке қабылдады.

 

Г.Баделова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале