Теректіде өткен жылы 24 мәрте төтенше жағдай санатына жатқызылған оқыс оқиға болған. Соның тең жартысы тұрғын үйдегі өрт.
Өрт қауіптілігі, тасқын су кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жоспар төтенше жағдайлар бөлімі, ішкі істер бөлімі, шаруашылық құрылымдар қоян-қолтық қатынаста атқарған.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Шафхат Ғинаятов берген мәліметке сүйенсек, өткен жылы аудан аумағында 27 мәрте өрт-тактикалық сабақ, 4 кешенді жаттығу, 72 объектілік, 40 тактикалық-арнайы, 10 командалық-штабтық жаттығу өткізілген. Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері «Азаматтық қауіпсіздік айлығы», «Стоп – угарный газ» айлықтарында тиісті шараларды атқарған. Алдын алу, аулалық және нысандық шолу барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша ескертулер беріліп, айыппұл салынғандар бар. Өткен жылы 13 мәрте дала өрті болса, оның бәрі де ерікті өртке қарсы құрамалар күшімен сөндірілген.
Өткен жылы атқарған жедел-қызметтік жұмысын қорытындылаған отырыс соңында БҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев, аудан әкімі Әділ Жоламанов төтенше жағдайдың алдын алу шараларын күшейту жөнінде тапсырма берді.
Камелия Қарекесова
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер