30.11.2020, 9:52
Оқылды: 36

Бюджет орынды жұмсалуда

  Бәйтерек ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы тікелей эфир арқылы аудан тұрғындарымен пікірлесті. «Ашық бюджет интерактивті картасы» жобасы аясында өткен лайв басқосуда Ерлан Туксумбаев өзі басқарып отырған бөлімнің атқарған жұмыстар легін баяндады.

D95B63BC-FD70-4641-8D86-B9F5C3AC1A41

Ерлан Өмірзақұлының айтуынша, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жаңа жобасы ауданымыздың мемлекеттік органдарының бюджетін бақылауға мүміндік береді екен. Осылайша ҚР-ның кез-келген азаматы еліміздегі мемлекеттік органдардың бюджет қаражаты қалай жұмсалатынын үйден шықпай-ақ көре алады.

-Ауданымызда бюджеттен қаржыланатын 98 мемлекеттік мекеме тіркелген болса, оның ішінде 3-уі бюджеттік әкімшілікпен қаржыланады. 2020 жылы 1 қарашада аудан бюджеті 5 рет нақтыланып, түзетілген бюджет 18,7 млрд.-ты құрады, - дейді Е.Туксумбаев.

Нақтыланған бюджет ауданішілік күрделі және орташа жол құрылысына, құбырларды жөндеу жұмыстарына, Камен мектебін күрделі жөндеуге және басқа да бағдарламаларға бөлінген.

 Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале