27.06.2023, 14:45
Оқылды: 20

Бюджеттік түсім ұлғаюда

Бәйтерек ауданы бюджетінің атқарылуы 2023 жылғы 1 қаңтардағы түсім бойынша 20 552 004,3 мың теңге немесе түзетілген жылдық жоспарға 105,2% деңгейінде қалыптасты. Оның ішінде кірістер 19 183 987,7 мың теңгені, бюджеттік кредиттерді өтеу сомасы 207 948,1 мың теңгені және қарыздар түсімдері 292 592,0 мың теңгені құрады.

IMG-20230627-WA0054

Бұл туралы аудандық мәслихаттың кезекті V сессиясында аудан әкімі Марат Тоқжанов баяндады. Сессияны ашқан аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлыбек Хайруллин атап өткендей, күн тәртібінде 30 мәселе қаралды. Жиынға ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты.

- 2021 жылмен салыстырғанда былтыр аудан бюджетінің түсімі 5 040 999,4 мың теңгеге немесе 32,5%-ға ұлғайды. Оған трансферт, салықтық және салықтық емес түсімдердердің, бюджеттік несиелерді өтеудің артуы себеп болды. 2022 жылғы шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы 19 401 028,8 мың теңгені құрады, оның ішінде шығындар 18 921 495,8 мың теңге, бюджеттік несиелер 293 213,0 мың теңге, қарыздарды өтеу 186 320,0 мың теңгені құрады. Жергілікті бюджет шығындарының орындалуы бойынша талдаудай нәтижелері көрсеткендей, былтыр атқарылу қорытындысы бойынша аудан бюджеті шығындарының орындалуы 18 921 495,8 мың теңге немесе түзетілген жылдық бюджеттің 94,3% деңгейінде қалыптасты, - деді сессияда бірінші болып сөз алған Марат Тоқжанов.

IMG-20230627-WA0057

Одан соң 22 ауылдың әкімдері өз округтары бойынша былтырғы бюджеттің атқарылуы жөнінде баяндама жасағаннан кейін аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының іске асу барысы жөнінде мәлімдеді. Серік Нәженұлының сөзіне қарағанда, ауданда аталмыш ұлттық жобаның нысаналы индикаторлары орындалуда. Мәселен, балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы көрсеткіш 2 және 6 жасқа дейінгілер бойынша 92%-ға, 3-6 жастағылар арасында 100%-ға жетті. Жеке балабақшалар желісі жыл санап артып келеді. Аудандағы 53 мектепке дейінгі ұйымының 20 пайыздайы жекеменшік. Онда 1900 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Аудандағы 46 мектептің 59%-ы шағын жинақты білім ұялары. Бұл мектептерде 1925 оқушы білім алады.

IMG-20230627-WA0055

Сессия барысында сондай-ақ аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу жөнін де айтылды.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале