18.05.2021, 10:25
Оқылды: 39

Чапаевтың «шөлі» қашан қанады?

Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылының тұрғындары бес жылдан бері таза ауыз судан тарығып келеді. Аудан әкімдігі жанындағы «Жайықтехсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бастығы Әлжан Досмақов ауылда тұратын халық санның жыл санап өсіп келе жатқанын, сондықтан қолданыстағы су құбырының қуаты таза сумен қамтуға толықтай жетпейтінін айтады. Су тапшылығы жаздың күндері қатты сезіледі. Сондықтан аудан орталығындағылар жаз бойына таза суды кесте бойынша кезекпен алуға мәжбүр.

E1B3B93A-FF4C-4164-A556-F6A5533547D2

-2004-2006 жылдары су құбыры тартылғанда оның қуаты сол кездегі тұрғындар саны 8000 адамды қамтуға лайықталды. Содан бергі уақытта Чапавтың тұрғындарының саны 10,5 мың адамға жетті. Ауылда екі шағын аудан бой көтерді. Жаңадан көпқабатты үйлер салынды. Жазғы маусымда көпқабатты үйлердің 2-3 қабаттарына су көтерілмей қалады.  Өйткені тұрбалардағы қысым жеткілісіз, осыдан келіп, ауылдың шет жағындағы үйлердің су құбырларынан тамшы су ақпай, тұрғындар тарапынан наразылық туындап жатады. Қазіргі жағдайда ауылға тәулігіне 750 текше метр таза су қажет. Ал пайдаланып отырған үш су мұнарасы тәулігіне 432 текше метр су жібереді. Бұл дегеніңіз  қажетті су мөлшерінен екі есе кем, - дейді Әлжан Нұржанұлы. Оның айтуынша, құбырға суды тазалайтын қондырғы орнатылмаған, тек ауыз суды залалсыздандыратын бактерицидтік шамдар ғана бар. Бірақ ол суды құрамындағы құмнан, саздан, өзге де қалдықтардан тазартпайды. Су тазартуға бірі 1000, екіншісі 500 текше метрлік екі жер асты су қоймасы салынған. Жер астынан сорылған су осы екі қоймаға (резервуар) құйылып, 2-3 күн тұндырылып, содан кейін тұрғындарға жіберілетін. Қазір олай емес екен. Неге дейміз ғой тазартылмаған су ішетін халыққа жанымыз ашып.

Жайық өзенінің жағасында тұрып, ала жаздай сары тат су ішкен чапаевтықтардың түйткілді мәселесі қалай шешілмек? Осы туралы «Орал өңірі» газетінің алдағы №40 санында жарияланатын «Чапаевтың «шөлі» қашан қанады?» деген мақаладан оқи аласыздар.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале