ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және жасөспірімдер арасында Бүкілодақтық турнирлердің жеңімпазы Гелим Құсайновты еске алуға арналған грек-рим күресінен ашық турнир өтті.
Айта кетейік, Гелим Марленұлы 1977 жылы Теректі ауданы, Федоровка ауылында дүниеге келген. Әлібек Қазиевтен тәлім алған спортшы облыстық, республикалық жарыстардың чемпионы болды.
Аудандық ашық турнирге 2009-2010, 2011-2012 және 2013-2014 жылы туған, жалпы саны 185 жасөспірімдер қатысты. Турнирге келген.
Ақтөбе облысы, Орал қаласы, Жұмашев спорт клубы, Казталов, Шыңғырлау, Бөрлі, Бәйтерек аудандары, "Бірлік" с.к, БЖСМ 4, "Жекпе-жек"с.м. "Жас батыр" с.к және Теректі БЖСМ командалары келді.
Сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар — аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Л.Сердалиева, спорт ардагері С.Нұрғалиев, Рио-де-Жанейро олимпиадасының қола жүлдегері Е.Ларионова, еркін және грек рим күресінен БҚО бойынша президенті Т.Досболатов, ардагерлер арасында өткен грек-рим күресінің жеті мәрте жеңімпазы Н.Қайырманов, Теректі ауданы бойынша грек-рим күресінің Президенті Б.Мұхамбетқалиев және "Алтын шуақ" ҚБ төрағасы С.Ашықбаев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс нәтижесінде командалық есепте жүлделі бірінші орын Ақтөбе облысы, 2-орынды Теректі ауданы құрамасы еншілесе, Орал қалалық БЖСМ 4 командасы үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Барша жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы медальдармен кубоктар табысталды.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz