Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев Чернобыль атом электр станциясында орын алған жарылыстың зардабын жоюға қатысқан азаматтарды қабылдады.
-1986 жылдың 26 сәуірінде әлемдегі ең жойқын техногендік апаттардың бірі- Украинадағы Чернобыль атом станциясында жарылыс орын алғаны мәлім. Жарылыстың зардабын жоюға Кеңес одағы бойынша 800 мыңдай адам қатысса, соның 32 мыңы қазақстандық азаматтар еді. Олар жанқиярлық ерлік көрсетті. Бұл сынақта өмірлеріне, денсаулығына қауіп төнді, нұқсан келді. Соған қарамастан елге оралғаннан кейін әртүрлі салада абыройлы қызмет көрсетуде. Биыл апаттың орын алғанына 35 жыл толды. Әрине, ол тойлайтын мереке емес. Бірақ қайғылы оқиғаға жол бермеудің әрекеттерін ескеру керек,-деді аудан басшысы.
Кездесуде аудан басшысы ардагерлердің хал-жағдайын біліп, айтарын тыңдады. Өз кезегінде Азамат Сафималиұлы ардагерлердің сол кезде танытқан батырлығы мен төзімділігі үшін алғысхат табыстап, «БҚО Чернобыль мүгедектері мен ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Чернобыль ардагерлерінің одағы ТМД халықаралық ұйымының келісімімен «Чернобыль АЭС жауынгер ликвидаторы» орденін тақты.
Қ.Ғалиева,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz