Бәйтерек ауданына қарасты Чиров ауылының тұрғындары да округ әкімінің сайлауына белсенді қатысуда. Шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындары өз дауысын ауылдың жайын білетін, елмен тіл табыса алатын жанға береміз деп шешкен.
Шекаралық аймақта орналасқан Чиров тұрғындары сайланар әкім ауылдағы мәселелердің шешімін таба алатын жауапты жан болғанын қалайды.
-Ауылдағы тұрғындардың 305-і сайлау құқына ие. Қазіргі уақытта 120 адам өз таңдауын жасады. Бұл барлық сайлаушылардың 39,3 пайызын құрайды. Сондай-ақ биыл алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған тұрғындарымыз да бар. Оларға арнайы сыйлықтар дайындадық,- дейді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Ажиев.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz