14.03.2022, 11:00
Оқылды: 23

Чувашиндік футболшылар - жүлдегерлер қатарында

Орал футзал лигасы ұйымдастырған футзалдан облыс чемпионаты аяқталды. Өңірдің үздік аяқдоп шеберлері бақ сынасқан байрақты бәсекеге Бәйтерек ауданы Чувашка ауылының «Бірлік» футзал командасы да қатысты.

Screenshot_20220314-102551_Instagram

Шағын ғана ауыл балаларынан құралған футзалшылар тамаша нәтиже көрсетті. Мүмкін болған 27 ұпайдың 20-ын иеленген чувашиндік футзалшылар чемпионаттың жүлдегері қатарына ілікті. Алты жеңіс, екі тең ойын және бір мәрте жеңіліс тапқан «Бірлік» ойыншылары «Қаратөбе» және «УТЗ» командаларын алға жіберіп, қола жүлдегер атанды.

Screenshot_20220314-102540_Instagram

-Достық округіне қарасты шағын ғана ауылда тұрамыз. Ермегіміз спорт. Ауылдағы жеткіншектер бізге қарап бой түзейді. Сол себепті оларды жаман қылықтардан ада болуға баулу үшін спортты насихаттаймыз. Команда құрамы ұстаздар, жұмысшы жастар, студенттерден жасақталды. Ауылымыз татулығынан ажырамасын деген оймен атауын «Бірлік» деп қойдық,- дейді чувашиндік команданың қақпашысы Мирлан Жауырбек.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале