21.06.2023, 13:00
Оқылды: 51

Цифрлық технология – заман талабы

Облыс басшылығы тарапынан облыс аумағындағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақты бақылауда ұстау және жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында, облыстық басқармалар басшыларына аудандарға іссапарға шығып, жергілікті жерлердегі жағдайды нақты бағамдау, тұрғындармен жеке қабылдаулар өткізуді тапсырған еді.

WhatsApp Image 2023-06-20 at 19.32.52

Осы орайда Қаратөбе ауданына облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрлан және аталған басқарманың мамандары келген болатын.

Алдымен Жусандыой ауылында болып, ондағы ұялы байланыс және интернет жағдайымен танысты. Одан соң аудан орталығында аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес өкілдері, дербес бөлім, мекеме басшыларымен жиын өткізіп, ауданымыздағы байланыс сапасының жағдайы, тұрғындарды сапалы ұялы байланыспен және жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мәселесі жөнінде түсінік берді.

Толық мәліметті газетіміздің алдағы нөмірінен оқи аласыз.

Бекжан Қойшекенов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале