Халықаралық жастар күніне орай “JAIYQ JASTARY” фестивалі аясында өңір жастарының басын қосу, танымдық деңгейін арттыру мақсатында облыс жастары арасында “БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ” зияткерлік ойыны өтті. Ойынға 12 ауданның жастары қатысып, Сырым ауданының намысын қорғаған «Сырым жастары» командасы өз білімдерін жоғарғы деңгейде көрсетіп, қарсылас командалардан оқ бойы озып шықты.
Команда «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының бөлім меңгерушісі, 1 монография, 3 ғылыми еңбектің авторы Анатолий Райымбек Қайратұлы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, республикалық педагогтар олимпиадасының 2 орын иегері Ғабдықұл Арман Әмірғалиұлы, Аралтөбе жалпы білім беретін мектебінде химия және биология пәнінің мұғалімі Сағынбай Бекзат Русланұлы, Сырым мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі, ҚР 10-шы жазғы универсиадасының күміс жүлдегері, “Жаңа мектепке жаңашыл ұстаз” облыстық байқауының дипломанты Жәнібек Нұрсұлтан Нұрбергенұлы, Сырым мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі, облыстық жыл үздігі байқауының жеңімпазы Жандос Мендешұлы, Сырым мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, Сырым ауданының “үздік жас ұстазы” аталымының жеңімпазы Нығметжанов Бекболат Талғатұлы сынды жас ұстаздардан құрылды.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz