Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-шаралары туралы, Халықты төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге үйрету оқу жаттығулар ұйымдастырылды.
Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінде «Дабыл» сигналы бойынша оқу жаттығу ұйымдастырылып, оқушыларға «Дабыл» сигналын естіген жағдайда қандай іс-қимылдар атқарылуы қажет екендігі түсіндірілді.
Негізгі құлақтандыру түрлері: ауызша хабарлама, радио арқылы, теледидар арқылы және жылжымалы құлақтандыру көлігі болып табылады. Ауызша хабарлама берер алдында халықтың назарын аудару үшін дабыл қосылады, оның дауысы келесі дабылдарды білдіреді:
Баршаның назарына!
Дабылды естіген бойда міндетті түрде:
-дереу теледидарды, радиоқабылдағыштарды, радио арқылы хабарлар тарату репродукторын қосыңыздар;
-болған жағдай және әрекет бойынша шұғыл хабарламаны мұқият тыңдаңыздар;
- осы барлық жабдықтарды аварияларды апатты және дүлей апатты жоюдың барлық кезеңінде әрдайым қосулы күйінде ұстаңыздар.
Егер дабыл жұмыс кезінде берілген болса:
-теледидарды немесе радиоқабылдағышты қосып, жедел хабарламаны тыңдау қажет;
-шұғыл хабарлама бойынша әрекеттену керек.
Егер дабыл үйде болған кезде болса:
-барлық қолда бар радиоқабылдағышты, теледидарды қосып шұғыл хабарламаны мұқият тыңдау қажет;
-шұғыл хабарлама бойынша әрекеттеніп, көршілерге хабар беру керек.
Егер дабыл көшеде болған кезде берілген болса:
-көшеде орналасқан радио немесе жылжымалы құлақтандыру көлігі арқылы берілген жедел хабарды мұқият тыңдау қажет, болмаса радио, теледидары бар адамдардың шығуын күту керек;
-шұғыл хабарлама бойынша әрекеттену керек.
Арман Қыдырсихов,
Сырым ауданының төтенше жағдайлар бөлімініңаға инженері,
азаматтық қорғау капитаны