3.04.2022, 17:40
Оқылды: 52

Дайындық ширай түсуде

Шыңғырлау ауданында биылғы егістік көлемі 36175 гектарды құрамақ. Оның 4214 гектары дәнді дақылдар, 4973 гектары майлы дақылдар, 26788 гектары мал азықтық дақылдар болса, 200 гектар алқапқа картоп пен көкөніс-бақша салынбақ. Әрі осы жылы егістік көлемі жылдағыдан 2353 гектарға артады деп жоспарланып отыр. Айта кетелік, шаруа құрылымдары жетіспейтін жаздық бидай, арпа, тары, күнбағыс және мал азықтық дақылдар тұқымын Ресей мен еліміздің өзге облыстарынан көктемгі егіс науқанына дейін сатып алмақ. 

посев6540654064

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рүстем Еслямовтың айтуынша, биылғы егіс жұмыстары үшін ауданға 450 тонна дизель отыны бөлініпті. Бұл қажеттілікті толықтай өтейтін көрінеді. Арзандатылған дизель отынының 1 литрінің құны – 188,5 теңге.

Қысқасы, шыңғырлаулықтар да ертеңгі ел ырыздығы үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдаланып, күн санап оған дайындық жұмыстарын  ширата  түсуде.

Айсұлу Мұса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале