Жаңақала ауданына Батыс Қазақстан облысы әкімінің әскери сұрақтар жөніндегі көмекшісі, полковник Мақсат Мұқанов келді. Ол ауданның қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, майор Ербол Жұмағазиев, шақыру науқанының комиссия мүшелері және аталмыш комиссияның төрайымы Ақнұрлы Еслямғалиевамен кездесіп, жиын өткізді.
Нақтырақ айтсақ, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен отырыста әскерге шақырушыларды шақыруға дайындық жұмыстары нақтыланып, пысықталды.
2021 жылдың қыркүйек, желтоқсан айларында 1994 және 2003 жылы туған ер азаматтарды ҚР Қарулы Күштер және басқа да әскери құрылымдар мен әскери командаларын жасақтау басталады. Бұл мәселеде қарама-қарсы проблемалық сұрақтар қойылып, шешімін табу жөнінде және қанша адам осы күзде әскерге бару, аудандық медициналық комиссиядан өткізу, дәрігерлік медициналық сақтандыру мәселелерін шешу жолдары сөз болды. Сондай-ақ әскерге барудан жалтарғандарды іздеу жұмыстары, әскерден қашқан адамдарға қандай іс-шаралар қолданылып жатқандығы жөнінде мәліметтер айтылды.
- Жаңақала ауданы бойынша 2021 жылдың 16 тамызынан бастап аудандық дәрігерлік медициналық тексерістен алдын-ала тексеруден өту жұмыстары басталды. Қыркүйек айынан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне әскери командаларын жасақтау және жөнелту жұмыстары басталатын болады. Қазан, қараша айларында ҚР Қарулы күштерінің әскери командаларына, Ақтау қаласындағы әскери теңіз күштеріне, жаяу әскерге, құрылғы әскерлерінің әскери командаларына жасөспірімдерді жөнелту жұмыстары басталады. Желтоқсан айында ҚР Қарулы күштерінің «Ұлттық ұлан» әскери командаларына Ақтөбе, Атырау, Жаңаөзен, Ақтау, Нұр-Сұлтан қалаларына әскери шақырушылар жөнелту жұмыстары жүргізіледі. Ал облыстық дәрігерлік комиссияның басталу жұмыстары әлі пысықталуда, оны жүзеге асыру 25 тамыз күніне белгілен.Бірақ әлі нақтыланбады. Соның ішінде Жаңақала ауданының әскерге шақырушылары әскерге шақырушылар қатарына жататын болса баруға міндетті. Егер әскерден жалтарған болса, ҚР құқықтық актілік нормативтік заңдарында көрсетілген қылмыстық қудалау, әкімшілік жазалау жұмыстары жүргізілетін болады, - деді М.Мұқанов.
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz