БҚО "Дала дарындары" жастар шығармашылығы фестивалі өз мәресіне жетті.
Дәстүрлі байқауға қатысушылар «Эстрадалық вокал», «Сәндік қолданбалы өнер», «Ақындық өнер», «Халық музыкасы», «Хореография» сынды аталым аясында бақтарын сынады.
Сайып келгенде, «Ақындық өнер» атылымы бойынша «Теректі жаңалығы» газетінің редакторы, ақын Әділет Орынбасаров 2-орынды жеңіп алды.
Талантты өнерпаз, жас маман Аңсар Бисенғали «Халықтық музыка» жанры бойынша 2-орынды еншіледі. Ал «Дәстүрлі жыраулық өнер» аталымы бойынша студент Темірлан Әкімжанов жүлделі 1-орынды қанжығаға байлады.
Айта кетейік, ең жас қатысушы болған, студент Айсұлу Жұбаныш «Вокал» аталымы бойынша дипломант атанды.
Айшабибі Мәмет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz