23.04.2020, 15:55
Оқылды: 69

Далалық жұмыстар - 2020: 13 адам дүбірлеп, 35 техника дүрілдеп жүр

  Көктем - Шолақаңқатылық шаруалардың жерге «мұрынымен шаншылатын» уақыты. Бірі жер тырмалап, бірі тұқым тасып әуре. Сол тынымсыздықтың арқасында бұл округ сан жылдар бойғы егіншілік дәстүрді жоғалтпай, керісінше дамытып келеді.

B393FB64-BC1B-4FCA-89A9-D460FC300EC1

Шолақаңқатының даласына бүгінгі күнгі есеп бойынша 1206 гектар дәнді дақыл егілді. Оның 230 гектары – жаздық бидай, 976 гектары – арпа. Еңбекті еселеп тұрып ақтаған, сол арқылы тиімділігін әбден дәлелдеген әдіс – мал азықтық дақылдарды егу биыл да кенжелеген жоқ. Алла қаласа, жазда 316 гектар көпжылдық екпешөп пен 510 гектар мақсары алқабы жап-жасыл болып, жайқалайын деп тұр. Далалық жұмыстардың басында 13 адам дүбірлеп, 35 техника дүрілдеп жүр.

D551DDE0-7D44-4151-BDFE-E533CE80DE6F

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев «Правда», «Қарағанды» шаруа қожалықтарының алқаптарында болып, егін салу науқанын, күздік бидайлардың шығымын көрді, механизаторлармен кездесті.

F14CF815-AEBC-4C57-827F-C0DAD0AC8B41

«Қарағанды» қожалығы жаздық бидай биыл 220 гектарға егуді жоспарлап отырса, 30 гектарды игеріп үлгеріпті. Арпа салу да қатар жүруде. Ал «Правда» шаруа қожалығының күздік қара бидайының алқабы 200 гектарды құрайды. Шаруашылық қазір ылғал жауып, бір жағынан «тұқымды оятып» жатыр екен.

Тырмалау жұмыстары кеше басталды. Жұмыс күндізгі және түнгі ауысыммен қарқынды жүріп жатыр.

Биыл қыста қар аз болды. Ол егін шаруашылығына кесірін тигізбей қоймайды. Жердің ылғалдығылы жаман емес, әрине. Бірақ, жаңбыр керек. Бар үміт – жаңбырда! – дейді «далада» жүргеніне 20 жыл болған механизатор Жасқайрат Меңдіғалиев.

 Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале