Бүгін Ақжайық ауданы орталығындағы «Даңқ саябағында» Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналып «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!» атты зерде сағаты өтті.

Шарада ауыл тұрғындары, ардагерлердің ұрпақтары бас қосып, соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлерді, бейбіт күнде ауыл елге еңбегі сіңген ҰОС ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Мұрат Сердалин майдангерлердіңерлігін ұрпаққа үлгі ету бүгініміздің басты парызы екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ауданның Құрметті азаматы, тыл және еңбек ардагері Ғилаж Лұқпанов соғыс жылдарының ауыртпалығын, батырлардың қанымен келген Ұлы Жеңістің бағасын еске алды.

Шара соңында ауыл тұрғындары мен қонақтар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухына тағзым етті.

Ұлы Отан соғысының қаһармандарын құрметтеу – әр ұрпақтың борышы. Олардың есімі ешқашан ұмытылмайды.




Нұрбек Ихсан
Ақжайық ауданы
Суреттерді түсірген автор