Жағымды жаңалықтардың қатары толығып, Теректі ауданынан түлеген тұлғалардың жетістіктерінен бөркімізді еріксіз аспанға лақтырамыз.
Таяуда аударған қойылымы сахналанып, өңір мерейін асырған теректілік, Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, аудармашы, актриса Эльмира Мақашева Қазақстан театр қайраткерлері Одағы Төралқасының шешімімен «Дара» төсбелгісімен марапатталды.
Театр өнерінің кеңге құлаш сермеуіне үлес қосып жүрген Эльмира Жұмажанқызына жараса қалатын аталған төсбелгі – күлкісіз күндер мен ұйқысыз түндердің жемісі.
Ақтілек Әлібек,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz