Казталов ауданы орталығында кəсіпкерлік саласы жыл санап даму үстінде. Соның бір айғағындай кеше орталықтан "Дария" азық-түлік дүкені есігін айқара ашты.
Ауданда Бермағамбетовтер əулетін білмейтін адам жоқ шығар?! Əсіресе ауыл шаруашылығы мен кəсіпкерліктің дамуына сүбелі үлес қосқан Махамбет аға мен Талшын апамызды дүйім жұрт біледі. Бүгінде үлкен əулеттің бəйтерегі, ақылшысы болып отырған əке мен ана ұрпақтарымен бақытты ғұмыр кешуде. Қиын-қыстау кезде аудан орталығынан егін егіп, диірмен салған, дүкен ашып, кəсібін дөңгелеткен Махамбет пен Талшын зейнетке шыққан уақытында да қарап жатқан жоқ. Орталық базарда орналасқан бұрынғы дүкендерін қайтадан жаңғыртып, немерелеріне кəсіп бастауға қолдау жасауда.
Нəтижесінде ауданымызда тағы да бір кəсіпкерлік нысаны іске қосылды. Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан əкімі Рүстем Зұлқашев, аудандық кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов кəсіпкерлердің жаңа ісіне сəттілік тіледі.
"Дария" атауына ие болған дүкеннен тұтынушыларға қажетті азық-түлікпен қатар ет, сүт өнімдерін сатылымға шығармақ.
Қайрат Жақып.
Казталов ауданы
zhaikpress.kz