Жуырда Бәйтерек ауданының Дариян ауылында «Жұлдызай жарқыра» деген атауымен еркін форматта концерт өтті. Онда Дариян ауылдық мәдениет үйінің әншілері ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін керемет көңіл-күй сыйлады.
Концерт барысында қайырымдылық жәшігі қойылған болатын. Кеш барысында түскен қаражат сырқаттанып жатқан 15 жастағы Данат Байболовқа табысталды. Айта кетейік, Орал қаласында дүниеге келген ол үш жыл бойы онкологиялық дертпен күресіп келеді. Диагнозы жедел лимфобластикалық лейкемия деп аталады. Қазіргі таңда ем алып жатқан оған енді «Блинатумомаб» аталатын деп аталатын жаңа дәрі (АҚШ) қажет. Ол Қазақстанда жоқ. Осы дәріні алуға дарияндықтар барынша көмек қолын созды.
Кеш соңында сөз алған Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов сахна төрінде өнер көрсеткен талантты жастарға және арнайы келген тұрғындарға алғысын айтып, Данатқа шипа тіледі.
Динара Ғизатова,
Бәйтерек ауданы