15.02.2024, 23:15
Оқылды: 93

Дариян ауылында тағылымды кеш өтті

Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай "Ешкім соғыс үшін жаралған жоқ" тақырыбында іс-шара өтті.

IMG-20240215-WA0164
Оның ашылу салтанатында сөз алған мектеп директоры Ш.Өмірзақова мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Исмагулова бұл атаулы күн, интернационалист-жауынгер, олардың ерлігі туралы ойларымен бөлісті. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс шарада Ауған соғысы жайында шағын ақпарат беріп, Дариян ауылында тұратын интернационалист-жауынгер жайлы бейнекөрсетілім көрсетілді.

IMG-20240215-WA0163
Кеште оқушылар Ауған жауынгерлеріне арналған өлеңдер оқып, ән салды.

Асұлан Айдарханов,
Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатының
АӘТД пәні мұғалімі,
Дариян ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале