12.12.2021, 10:40
Оқылды: 43

Дариян ауылында ұлттық шығармашылық ұжымдарының концерті өтті

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-Қазақстан!" атты ұлттық шығармашылық ұжымдарының концерті өтті.8DB5CD4A-D292-414E-B05E-A52BE4BBF51FЕл бірлігін сақтап, көпшілікті қазақстандық патриотизмге шақырып жүрген өнер ұжымдарының  20 жылдығына орайластырылған концерттік бағдарлама көпшіліктің көңілінен шықты.

- Еліміз 30 жылда талай белесті бағындырды. Қазақ елі тату әрі бейбітсүйгіш мемлекет екенін әлемге паш етті. Ортақ Отанымыздың тыныштығын әнге қосып, бірлік пен ынтымақты жыр ететін ұлттық шығармашылық ұжымдарының тәу етер Тәуелсіздігімізбен қатар келген мерекесі құтты болсын! Еліміз өркендей берсін, - деді шара соңында сөз алған Дариян мәдениет үйінің басшысы Әсел Ускетауова.

Кейін Мағзия Сарбалакова жетекшілік ететін "Ақ шағала" әжелер вокалды ансамблі, Галина Мельникова басқаратын "Сябры" белорус, Гарбуз Галина дайындайтын "Червона Рута" украин, Самарцева Рауза басқаратын "Мариям" татар жетекшісі ұлттық шығармашылық өнер ұжымдары көпшілікке өнерлерін паш етті.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале