Бәйтерек ауданы Дариян мектеп-гимназия интернатының еріктілері қатарындағы ұстаздар көпбалалы және аз қамтылған екі отбасына азық-түлік пен бетперделер апарып берді.
Бұл жөнінде аталмыш мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Самал Исмағұловадан WhatsApp желісі арқылы сұрап білген едік.
Адамдардың ең қайырлысы – өзгеге пайдасын тигізгені. Біздерге жүктелген міндет – бірлік пен берекені қашырып алмай, қиындықтарға қасқайып қарсы тұру. Ең бастысы – осындай отбасылар мен олардың бала-шағаларының өмірлеріне, денсаулықтарына зор жанашырлықпен қарауға тиіспіз. Бастысы – халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымақтастығының бекемдігі арта түссін, - дейді Самал Сансызбайқызы.
Гүлжан Серікқызы
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz