20.09.2025, 18:00
Оқылды: 449

Дариянда «Екі ғасырдың даналары» атты облыстық байқау өтті

Жуырда осындай атауымен Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы мен Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына орай облыстық  байқау ұйымдастырылды.

IMG-20250920-WA0008

Ұлы ақындардың асыл мұраларын насихаттауды мақсат тұтқан іс-шараға облысымыздағы он арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары қатысты. Олар қос ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

Байқауды ашқан Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Абзал Әлжан биыл елімізде атаулы даталарға байланысты түрлі іс-шаралар өтіп жатқанын, одан бұл мекеме де қалыс қалмай, өз деңгейінде осындай байқауды ұйымдастырып отырғанын айтып, әріптестерінің бұл іске қолдау білдіргендері үшін ризашылығын жеткізді.

Бұл іс-шараға арнайы келген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Айдана Жақсылықова да байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.

Ал байқаудың әділқазылар алқасы БАҚ өкілдерінен құралды. Атап айтқанда, «Астана» телеарнасының БҚО-дағы меншікті тілшісі Еркін Карин, Ақжайық» телеарнасының редакторы Біржан Кухаев және Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газетінің бас редакторы Сәкен Әбілхалықов болды.

Екі кезеңнен тұрған байқау нәтижесінже Көшімарнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (ең жас қатысушы Артем Игнатенко) үздік болса, Круглоозерный және Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қалған жүлделі орындарды өзара бөлісті. Өзге қатысушыларға алғысхаттар табысталды. Жалпы бұл байқаудан ешкім сыйлықсыз кеткен жоқ. Сондай-ақ әділқазылар алқасының шешімімен Рустам Кулкаевқа (Дариян АӘҚКО), Қамидолла Жұмаевқа (Ақжайық АӘҚКО), Гүлайна Қантаеваға (Ақжайық оңалту орталығы) ақын өлеңдерін жақсы оқып, көптің көңілінен шыққан өнер көрсеткендері үшін алғыс білдірілді.

Дина Ахметова

Дариян ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале