30.11.2024, 16:30
Оқылды: 6

Дариянда «Өнерім – өмірім» ән кеші өтті

Дариян ауылында жас әнші әрі композитор Мейірбек Жанболатұлының шығармашылық кеші өтті. «Өнерім – өмірім» деп аталған ән кешінде өнерпаз өзінің ән қоржынынан танымал шығармаларды орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

мейірбек (1)

Кеш барысында Мейірбек Жанболатұлы «Ғасыр band» тобының сүйемелдеуімен Алтынбек Қоразбаевтың «Ару ана», Ғазизхан Шекербековтың «Әке-ана», Шәмші Қалдаяқовтың мәңгілік туындылары, Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған «Сыған серенадасы», Джеймс Браунның «I Feel Good» секілді шетелдік хиттері мен ұлттық нақыштағы «Құнан нар», «Махамбеттің термесі», «Молдабай», сондай-ақ «Махаббатым-ай», «Аппақ көйлек», «Қызғанамын» әндерін шырқады.

Кештің көркін әншінің сахнадағы әріптесі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Айдана Ажғалиева аша түсті. Дариян ауылынан шыққан өнерпаздар да сахна төрінде өз өнерлерін паш етіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.

мейірбек (2)

– Бүгінгі кеш менің өнердегі інім Мейірбектің шығармашылығына арналған. Ол өте талантты, сегіз қырлы бір сырлы азамат. Кешті тамашалауға келген барша өнер сүйер қауымға алғысымды білдіремін, – деді сахнада сөйлеген сөзінде Айдана Ажғалиева.

Дарияндықтар мәдениет үйінің залын лық толтырып, кеш барысында жас әншіге деген ықыласын ду қол шапалақпен, қосыла шырқап, тіпті тұрып билеумен білдірді. Бұл – жас та болса, өнер иесіне деген ерекше құрметтің айқын белгісі.

bfe17a3b-f239-46b7-a0b1-057b1c6a252d

Кеш соңында сөз алған Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Какенов жас талантты құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі. Әкім жас өнерпазға шағын сый-сияпат табыстай отырып: «Әсем әндеріңізбен көрерменнің жүрегін жаулап, өнер жолында талмай еңбектене беріңіз», – деген ізгі тілегін жеткізді.

Дина Ахметова

Дариян ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале