21.03.2021, 18:35
Оқылды: 38

Дариянда онлайн-айтыс өтті

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы мен Наурыз мерекесіне орай Дариян ауылдық мәдениет үйі мен Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану мұражайы онлайн-айтыс ұйымдастырды.

601F9691-AD08-4CE6-9C20-BBF6D8ABEB28

    Сахна төріне Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Қаршыға Асу мен Дариян ауылдық мәдениет үйінің режиссері Асылай Көпжанова шықты. Көсіле шауып, келістіре жыр төккен қос дүлдүл өздерін өнер әлеміне қосқан Шыңғырлау топырағы мен Дариян ауылының көркін жырға қосты.

   Ерекше форматта өткен ақындар айтысы көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлап, кеш шырайын келтірді. Айтыс көрермені екі аудан арасындағы достықты жырға қосқан ақындарға ризашылығын білдіріп жатты.

  Кеште ақындар адамға үлкен ой салар, туған елге, ауылға деген махаббат пен сағыныштың отын маздатып, ауылдың тірлігін көз алдыңа әкелетін өлеңдерімен, өздеріне ғана жарасқан жылы әзілдерімен көпшілікті баурап алды. Айтысты тамашалаған көрермен осындай жаңашыл бастамалардың жалғасуын тіледі.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале