Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты виртуальды кездесу сағаты өтті.
Шара басында сөз алған кітапханашы Динара Ғизатова жаппай қуғын-сүргін кезінде жазықсыз жаза жабылып, атылып кеткен боздақтар туралы ойымен бөлісіп, олардың өмірбяндары мен шығармашылық жолын кеңінен баяндады.
Ұлтымыздың санына да, сапасына да ауыр соққы болып тиген қасіретті күндерді ұмытпау, олардың қайталануына – жол бермеу әр саналы азаматтың борышы. Отызыншы жылдарда бабаларымыздың көп қудалануы, жазалануға ұшырауы осыған дәлел. Жазықсыз жапа шеккендер тарихымызда, халқымыздың есінде мәңгілік сақталып, оның құпия сырларының ашыла түсетініне сенімдіміз. Жыл сайын өскелең ұрпақ жиындарда, түрлі шараларда өткенін зерделейді, құрбандар ерлігін ұмытпайды, - дейді Динара Ғизатова.
Лайв режимінде өткен тағылымды кездесу барысында боздақтар туралы Дариян ауылдық кітапханасының кітапханашысы Любовь Ивашкова бір үзік сыр шертіп, «Азалы кітаптың» құндылығы жөнінде толығырақ мәлімет берді. Сондай-ақ кітапхананың тұрақты оқырмандары Александр Огородников пен Асылай Көпжанова өлеңдер оқып, ата-бабалар рухына тағзым етті.
Гүлжан Аязбаева,
Дариян ауылы
Бәйтерек ауданы
zhaikpress