29.09.2020, 10:58
Оқылды: 65

Дариянда жас отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті

Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық кітапханасының оқу залында ауыл жастары мен жас отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті. «Жас отбасы» жобасы аясында оздырылған «Отбасының экономикалық және шаруашылық мәселелері» тақырыбындағы басқосуды аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды.

Darian (3)

 

Жанұя берекесін сақтау, бала тәрбиесіне көңіл бөлу, отбасы бюджетін реттеу және оларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында өткен басқосуға «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова, бірлестік ұйымдастырушысы Гүлмира Төлегенова және ауыл жастары мен «Тұрғын үй жинақ банкінің» БҚОФ кеңесшісі Гүлдана Айсекенова қатысты.

Алдымен Гүлбаршын Мақсотқызы жиналғандарға отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесі, қоғам алдындағы жауапкершілік жайында сөз қозғады. Кейін семинар-тренингке келген жастардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Darian (2)

Кейін осы семинарға арнайы шақырылған «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ-ның БҚОФ кеңесшісі Гүлдана Айсекенова жастарға тұрғын үй алу бағытындағы жеңілдіктер жайында түсіндіріп, отбасы бюджетін тиімді жоспарлау туралы кеңінен әңгіме өрбітті.

Шара соңында «Дариян жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Марзия Қонысбаева келген қонақтарға ауыл жастары атынан ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта осындай семинар-тренингтерді көптеп өткізіп тұру керектігін айтты.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале