31.05.2025, 19:08
Оқылды: 115

Дарияндық жастар спорт пен ой додасынан сынға түсті 

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Дариян ауылында жастар арасында «Еңбек кубогы – 2025» аудандық футбол турнирі мен қазақша интеллектуалдық сайыс өтті.

IMG-20250531-WA0027
«Яңарыш» қоғамдық бірлестігі, «Бәйтерек» спорт клубының қолдауымен, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бастамасымен ұйымдастырылған футбол додасында бес команда қатысты.

IMG-20250531-WA0035

Тартысты өткен ойындар нәтижесінде «Абай МГИ» үздік деп танылды. «Мәдениет үйі» мен «№2 аудандық аурухана» командалар жүлдегер атанды.

IMG-20250531-WA0036

Аталымдар бойынша Бекзат Зәліпов (Абай МГИ) «үздік ойыншы», Сауран Құрманқұл (№22 өрт сөндіру бөлімі) «үздік қақпашы», Әділхан Қадыров (мәдениет үйі) «үздік қорғаушы», Ғалымжан Мақсұтов (МСУ) «үздік шабуылшы» атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

IMG-20250531-WA0015
Содан соң жастар «Рәміздер – елімнің рухы» атты интеллектуалдық сайыста бас қосты. Рубежин ауылдық кітапханасының қолдауымен болған ой додасына «Жас ұлан», «Достық», «Қырандар» және «Самға» атты төрт команда қатысты. Олар «Жауап бер», «Ойлан, тап», «Біз білетін өлең», «Тұлғаны тап», «Кино көрем» секілді бес кезең бойынша білімдерін сарапқа салды.

IMG-20250531-WA0018

Қорытындысында I орынды – «Самға», II орынды – «Достық», III орынды – «Жас ұлан» командалары иеленді. Барлық қатысушы дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сәнім Берік
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале