Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен Дариян ауылының тұрғындарға материалды көмек көрсетілуде.
Ауылдық округ әкімінің орынбасары Тимур Әбубәкіровтың айтуынша, қазіргі таңда жауған бұршақ салдарынан үйлерінің төбелері тесіліп, бөлмелеріне су кеткен 45 тұрғыннан арыз түскен. Әкімдік қызметкерлері зардап шеккендердің үйлерін аралап, қажетті деген құрылыс материалдары таратылып жатыр. Тұрғындарға көмек қолын ауылдық клубқа күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан «Алатау Альтен Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен ауыл кәсіпкерлері созған.
Шіліңгір шілдеде күтпеген жерден соққан табиғат дүлейінен зардап шеккен тұрғындармен де тілдесудің сәті түсті. Бір сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде ауылды ақ қарға бүркеген жұмыртқадай бұршақтан біраз үйдің төбелері тесілген. Сондай-ақ бақша мен жеміс ағаштарына да үлкен зақым келіпті. Есін жия бастаған тұрғындар әкімшіліктің дер кезінде қол ұшын беріп жатқандарына разы.
Ауыл қарияларының айтуынша, бұндай сұмдық осыдан 12 жыл бұрын болыпты.
Түгелбай БИСЕН,
Зеленов ауданы
zhaikpress.kz