28.09.2023, 16:45
Оқылды: 21

Дарындылар фестивалі өтті

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде «Дала дарындары» шығармашылық фестивалі өткен. Фестиваль вокал, сәнді қолданбалы өнер, халық музыкасы, хореография, әдеби шығармадан тұрды.

DSC_2501

Байқауға келген талаптылар кезек-кезегімен сахна төріне көтеріліп, өнерлерін паш етіп, әділқазылар алқасын таңдай қақтыруға тырысты. Әуелете ән шырқап, төгілдіре жыр оқып, қолданбалы өнерді көрерменге ұсынып жатты.

DSC_2502

Байқау мәресіне жетіп, жүлдегерлер есімі де анықталды.

Вокал жанры бойынша  Шыңғырлау ауылдық округінен Аңсаған Хибашев, поэзия жанры бойынша ақбұлақтық Ернәсіл Рысқалиев І орындардан көрінді. Сәндік қолданбалы өнер сайысында жалғыз үміткер ардақтық Гүлмира Лесова талассыз жеңімпаз атанды.

DSC_2518

Барлық жүлдегерді аудандық тілдерді дамыту, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтімов құттықтап, сыйлықтар ұсынды.

 Байқауды аудандық мәдени-демалыс орталығы ұйымдастырды.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале