Жыл сайын дәстүрге айналып келе жатырған мектеп бітіруші түлектер Жаңақала ауданына тағы да бір ерекше сый тарту етті. Мектеп бітіргеніне 40 және 20 жыл толған түлектердің атынан өңірімізге көрік беріп тұрған кіреберіс қақпаның ашылу салтанатты өтті.
Ауыл азаматы, жеке кәсіпкер Ғани Ғалымжанұлы мен аудандық мәслихат депутаты Саламат Сертековке осындай игі іске техникалық жабдықтарымен қолдау білдіргені үшін аталмыш түлектер өз алғыстарын жеткізді. Жалпы құны 7 миллион теңгені құрайтын нұрлы қақпа ауданға көрік беріп қана қоймай, тұрғындардың жүзіне қуаныш сыйлады.
Аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы мен ардагерлер алқасының төрағасы Сапар Фазылғали лента қию рәсімін өткізіп, ұйымшылдықпен үздік нәтиже көрсеткен мектеп түлектеріне өз алғыстарын жеткізіп, құттықтау сөз сөйледі. Әрі қарай, түлектер атынан Қуаныш Сапаров, Гүлмира Нұрғалиева және Айдар Қаресов сөз сөйлеп, ел игіліне арнап дайындалған жаңа бастаманың жалғасын таба беруіне ниет білдірді. Шара соңында барша қонақтар мен түлектер естелік суреттерге түсіп, көңілді тарқасты. Дәл осындай игі істің басын қайтарып жүрген аудан азаматтарының саны артып, сый тартыла берсе нұр үстіне нұр болары хақ.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы