17.03.2022, 17:00
Оқылды: 79

Дәстүрін дәріптеген ел озады  

Наурыз айы туғалы бері Теректінің түкпір-түкпірінде мерекелік шара легі жалғасуда. Солардың бірі — Теректі аудандық білім беру бөлімінің ұйытқы болуымен Подстепный ауылында өткен «Армысың, әз Наурыз!» атты театрландырылған концерттік бағдарламасы. Аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хұсайыновалар Әз Наурыздың куәсі болды. Ең алдымен сөз алған Әлжан Жақсыгерейұлы жалпақ жұртшылықты мерекемен құттықтап, бақ-береке тіледі.

IMG-20220317-WA0091

IMG-20220317-WA0074

 

Шашу шашылған шара барысында «Қыдыр ата» ақ батасын берсе,«Жер-Ана» жылы лебізін білдірді.

IMG-20220317-WA0087

 

Айта кетейік,  ауқымды мерекеге  тек Подстепный ауылының мектептері ғана емес, сонымен қатар басқа да ауылдың білім ордалары қатысқан еді. Олар әр ауылға бөлініп, салт-дәстүрімізді ұлықтау мақсатында көпшілікке көрініс көрсетті. Тінін тарқатсақ,  «Сырым батыр» ауылы (Шаған мектебі) асық ойыны, «Ақжүніс» ауылы (Госплемстанция мектебі) жүн түту, ұршық иіру, тоқу, «Қазыбек» ауылы  (Ұзынкөл мектебі)  қамшы өру,  «Кестелі» ауылы (Подстепный мектебі) кесте тігу, «Ақан сері» ауылы (Подстепный №1 мектебі) бесікке салу сынды салт-дәстүрді дәріптеді.

IMG-20220317-WA0077

 

Әуезді ән шырқалып, әсем би орындалып, күмбірлеген күй төгілген кеште ұлттық ойындар да ұмыт қалмады. Сондай-ақ ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапаттау қағидаларына сәйкес «Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушылары да алғысқа кенелді.

Самал Жамет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале