26.02.2024, 17:00
Оқылды: 38

«Дат» театры ауылдарға ат басын бұрды

 Құрылғалы бері Теректіні һәм облысты өнерімен баурап, барлық көрерменнің жүрегін жаулап үлгерген «Дат» театры аудан аумағындағы ауылдарға ат басын бұрды.

дат

Сөйтіп өнерге сусап қалған қарапайым халықтың ықыласына бөленуді жөн санады. Шалқар ауылдық округінің орталығы - Сарыөмір ауылына барған театр ұжымы «Туған күніңмен, анашым!» қойылымын шалқарлық көрерменнің назарына ұсынды.

Шамамен екі сағатқа жуық уақыт алған қойылымды жиылған жұрт тапжылмай қарап, өнерпаздардың әртістік қабілеттеріне сүйсінді. Спектакль аяқталған соң тік тұрып қошемет білдірген ауыл тұрғындары ризашылықтарын жасырып қалмады.

Кеш соңында Сарыөмір ауылдық мәдениет үйінің директоры Болған Меңдібайқызы әртістерге жылы лебізін білдіріп, алғысхат пен естелік сыйлығын табыстады.

 

Аяулым Бақтығали,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале