Өскемен қаласында қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жасөспірімдер арасында өткен "Жас Барыс" республикалық турнирінде сырымдық спортшы Дәулет Серік 65 келі салмақта жеңімпаз атанды.
Осы турнирде тағы бір батысқазақстандық спортшы Жандарбек Сүндетов 55 келіде күміс жүлде иеленді.
Дәулет бүгінгі таңда Өлеңті ауылындағы Жаhанша Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін мектеп - бөбекжай - балабақша кешенінде 10 - шы сыныпта оқиды. Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің күрес залында тәрбиеленуде. Жаттықтырушысы - Айбол Оразғалиев.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz