Шыңғырлау ауданы орталығында №426 учаскелік референдум комиссиясы таңғы сағат 7:00- де дауыс беру сәтін ресми ашып, өз жұмысын бастап кетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн ойналды.

Комиссия мүшелерінің айтуынша, референдум учаскесі өз жұмысына сақадай сай , байқаушылар мен сайлаушылар үшін ашықтық қамтамасыз етілген. Дауыс беру жұмысының барысы заң талаптарына сай ұйымдастырылып отыр, қажетті құрал- жабдық және тиісті жағдайлармен толық қамтамасыз етілген.

Таңменен ерте келіп дауыс беруді аудан тұрғыны бірінші дауыс берген Бурушев Сағит Жаманбайұлы бастады. Ал, Болатова Мадина Нұрғазықызы алғаш рет дауыс беріп жатыр екен.
Дауыс беру барлық учаскелерде кешкі 20:00 сағатқа дейін жалғасатын болады.
Референдум – халықтың маңызды мемлекеттік немесе қоғамдық мәселелер бойынша тікелей дауыс беру арқылы өз пікірін білдіруі. Осылайша Шыңғырау ауданында елдің жарқын келешегі үшін халық өз таңдауы білдіруді бастап кетті.
Қаршыға Елемесов
Шыңғырлау ауданы