Сырым ауданы №290 сайлау учаскесінде таңғы сағат 7.00-де Мемлекеттік әнұран ойнап, сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Берік Бисалиев сөз сөйлеп, ашты. Ең бірінші болып Ерболат Мамбетияров дауыс берді. 290 сайлау учаскесінде 1637 дауыс беруші бар. Алғашқы 30 мин ішінде 65 адам дауыс берді. Аудан бойынша сағат 11.00-де 6632 адам, (57.29%), 12.00-де 7121 сайлаушы (61.52%) дауыс берді.
– Мен, Ерболат Мамбетияров елімізде өтіп жатқан референдумға №290 сайлау учаскесіне таңертеңгі сағат 7.00-де ең бірінші болып келіп, дауыс бердім. Себебі Ата Заңға, әрбір азаматтың өміріне өзгеріс енгізіліп, дамуына алғашқы азамат болып үлес қосқым келді.
Қуанышқалиевтер отбасы:
– Болашақ ұрпағымыздың тағдыры, еліміздің дамып, көркеюі үшін бүгін отбасымызбен дауыс бердік. Мен өзім Шәкір "Қазақтелекомда", зайыбым Ақмарал сотта, қызым Айжан аудандық ауруханада қызмет етеміз. Бір отбасы, үш саланың өкілі дауыс беру арқылы Қазақстанның жаңа деңгейге көтерілуіне атсалысқымыз келеді.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz