15.03.2026, 15:48
Оқылды: 14

Дауыс беру жалғасуда

Жаңақала аудандық №135 референдум учаскесінде дауыс берушілердің қарасы қалың.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 14.32.08

Сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша, 1643 сайлаушының 51 пайызы дауыс беруге келді. Дауыс берушілер арасында ұлттық киім киген еңбек ардагерлері мен белсенді жастар бар.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 14.32.09 (1)

Байқаушы Рая Апахаева халықтың көңіл-күйі жақсы екенін, ел болашағына бейжай қарамайтын әр азамат өз таңдауын жасап жатқанын атап өтті. Ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген және референдум халықаралық стандарттар мен заң талаптарына сай өтуде.

Сыйлыхан Талапұлы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале